Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Атырауда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған науқан басталды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған науқан басталды

«Жыл сайын 25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты Атырауда «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты науқан жарияланды. Бұл жылы ол 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.  

-Мұндағы негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру. Науқан аясында студент жастар арасында, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда ақпараттық-насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған. Науқанға қатысатын Атыраудың  дағдарыс орталықтарының сенім телефондары арқылы кеңестік-құқықтық және психологиялық көмек алуға болады дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысын ұйымдастыру тобының ЕТЖ аға инспекторы Бибігүл Төлегенова.

Айта кетейік, 2019 жылдың он айында отбасындағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша  900 – ден аса әйелге қатысты құқық бұзушылықтар анықталған.

Атырау қаласының дағдарыс орталығының  телефон нөмірі: 8 (7122) 46-60-60», делінген хабарламада.