Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019

Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында кинологтар арасында жарыс өтті

237 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс тәжірибесімен, дағдыларымен алмасу және ҚР Құқық қорғау және арнайы органдарының кинологиялық қызметтері арасында үздік команданы анықтау мақсатында, Алматы қаласы Кинологиялық орталығы Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстар өткізді.

Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында кинологтар арасында жарыс өтті

Жарысқа ҚМ әскери полициясының, ҰҚК Шекара қызметінің кинологиялық командалары, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы және Қазақстан Республикасы ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы қатысты.

Төрешілер алқасының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы РФ кеден қызметі өкілдігінің қызметкері В.А. Филиппов шақырылды. Аталған іс-шараға РФ кеден қызметі өкілінің қатысуы ҚР Құқық қорғау органдары үшін КҚГҚ кеден қызметтерінің ынтымақтастығы имиджіне оң үлгі болады және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Үш күнге созылған кинологтар жарысы тартысты өтті. Кинолог мамандары әр түрлі тексеру нысандарында төрт аяқты достарымен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының Басшысы Р. Ж. Смаков осындай іс-шаралар тек бір реттік сипатқа ғана емес, тұрақты негізде өткізіліп тұруы қажеттігін атап өтіп, жарысөа қатысушыларға сәт-сапар тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша «Ғимаратта жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ҚМ ҚМК кинология орталығы командасының маман-кинологы Смаков Нурбек ҚІИ «Флоки», «Бағынушылық» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ҰҚК ШҚ аға нұсқаушысы Шайхулин К. ҚІИ «Лакла», «Қол жүгінде жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ҚМ әскери полиция маманы-кинологы Дунбаев Самат ҚІИ «Гайна», «Автокөлікте жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының маман-кинологы Бажаев Руслан ҚІИ «Вольта» жүлделі орынға ие болды. Ад жеке біріншілікте I жүлделі орын КО қызметтік иттерді арнайы дайындау бөлімінің басшысы М. Тлеукеев ҚІИ «Нэш» (400 - ден 368 балл жинаған) диплом және кубокпен марапатталса, Алматы қаласы бойынша ДЭР басшысының орынбасары Қайыпберген Талғатқа берілсе, ІI жүлделі орынды  Түркістан облысы бойынша ЭТД жедел уәкілі Н. Ж. Смаков ҚІИ «Флоки» (400 - ден 261 балл жинаған) диплом және кубокпен марапатталып, ҚР ҰҚК ШҚ Кинология қызметінің бастығы Бахтияр Ахметжанов иеленді. ІІІ жүлделі орынға ҚР ҰҚК ШҚ КО аға нұсқаушысы Шайхулин Камиль Габдрахманович ҚІИ «Лакла» (400 - ден 346 балл жинаған) диплом және кубокпен марапатталып,РФ кеден қызметінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қызметкері В.А. Филипповке берілді.

Командалық біріншілікте I жүлделі орынды ҚР ҚМ ҚМК Кинология қызметінің командасы алды. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департамент басшысының орынбасары Қайыпберген Талғатқа, II жүлделі командалық орынды ҚР ҰҚК ШҚ Кинология қызметінің командасы, ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы басшысы Р. Ж. Смаковқа, ІІІ жүлделі командалық орынды ҚР ҚМ Әскери полиция Кинология қызметінің командасы, РФ кеден қызметінің ҚР өкілдігінің қызметкері В.А.Филиппов арнайы дипломадр табыс етілді.

 

АЛМАТЫ