«Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, № 2, 5, 8, 12, 13, 15, 20 автобустарында жол ақысын карта немесе қосымша арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ жол ақысын қолма-қол да төлеуге де мүмкіндік бар. Тариф 80 теңгені құрайды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада жақын арада дифферинцияланған тариф енгізілетіні де айтылған.