Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

Иорданияның әуе компаниялары Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшулар орындай алады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иорданияның әуе компаниялары Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшулар орындай алады

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің  шетелдердегі елшіліктерімен бірлесіп жаңа халықаралық бағыттар ашу және жаңа шетелдік әуе компанияларын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы мақсатпен 2019 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандық делегация Иорданияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Нәтижесінде Иорданияның әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларына тұрақты ұшулар орындауға мүмкіндік берілетін болды. Яғни, рейстердің санына шектеулерді алып тастауды қарастыратын 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалана алады. Соған орай қазір еліміздің Иорданиядағы елшілігімен бірлесіп, Қазақстаннан Амман және Акаба қалаларына тікелей рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», делінген хабарламада.