Технология • 04 Желтоқсан, 2019

Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді

342 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыда сел қаупіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды. Журналистерге арналған брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров төтенше жағдайлардың алдын алу, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақсай мен Аюсай бөгеттерінің құрылысына қатысты ақпараттармен бөлісті.

Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді

Департамент басшысы сел қаупіне мониторинг жүр­гізу­дің авто­матты жүйесі жобасын жүзеге асы­руға байланыс­ты кешенді жұ­мыс­тармен кеңінен таныстырып өтті. С.Әубәкі­ровтің айтуын­ша, Үлкен және Кіші Алматы өзен­де­рінде бірінші кезең аяқ­та­лып, екі көл стансасы, екі ошақтық, үш арналық және үш дамбалық стансалар орнатылған. Келер жыл екінші кезеңде 21 станса салынады деп жоспарланған. Бүгінде Үлкен Алматы өзені бассейніндегі Аюсай шатқалы ерекше назар аударуды қажет етеді. Соңғы жиыр­ма жыл ішінде бұл маңда көп­те­ген нысандар бой көтерген. Сондай-ақ Ақсай өзенінің бассей­нін­де селден қорғайтын нысандар жоқтың қасы. Алда-жалда тө­тен­­ше жағдайлар орын ала қалса, шат­қал­дар маңындағы 300-ге жуық нысан мен отыз мыңнан астам тұрғын зардап шегуі ық­тимал. Сондықтан да қала қауіпсіздігін назарға ала оты­рып, Ақсай, Аюсай шатқалдарына бөгеттер салу да қол­ға алынады. Қазіргі кез­де отан­дық жетекші «Қаз­гид­ро» жоба­лау ұйымы әзір­ле­ген жоба­лар мемлекеттік сарап­та­маға жібе­ріл­ді. Оң нәтиже­ге қол жеткен соң жобалар заң­на­маға сәйкес құры­лыс жүр­гі­зу үшін Ішкі істер министр­лі­гіне беріледі, деді өз сөзінде департамент басшысы.

«Сейсмология институты» ғылыми-техникалық және ха­лық­а­ралық жобалар бас­қар­­­ма­сы секторының басшысы Дәулет Сәрсенбаев күш­ті жер сіл­кі­ні­сі­нің алдын алуда тұр­ғын­дар­ды дер кезін­де хабарлауға байланысты авто­мат­ты цифрлы жүйе (ХАЦЖ) құрудың маңыз­ды­лы­ғына тоқ­талды. Д.Сәрсен­баев атап өтке­ніндей, алдын ала құ­лақ­тан­ды­рудың автомат­ты цифр­лық жүйесін құру 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақ­­стан­ның оңтүстік-шығы­сын­да­ғы сейсмикалық қаупі бар аудандарды кешенді зерт­­теу және күшті жер сілкі­ні­сі туралы ерте хабар­лау жүйе­­сінің негіздерін әзірлеу» жө­нін­­­дегі бағдарлама аясын­да жүзеге асуда. Қазіргі кезде сейс­мотектоникалық ерекше­лік­тер мен жер сілкінісі туралы ерте хабарлайтын ХАЦЖ қондыр­ғылары орнатылатын жерлер­ді анықтау жұмыстары жал­ғасын табуда. Осыған орай Швейцарияның GeoSig фирма­сы­ның қондырғыларын сатып алып, 6 тірекке орнатылған. Бұл қондырғылар ерте хабарлау жүйе­сінің жапондық Метеорологиялық агенттігінің (JMA) алгоритмі негі­зін­­де жасал­ған.

Жүйе орнатылған Медеу, Талғар, Тянь-Шань, Шелек, Жар­ке­нт және Қапшағай сияқты әр тіректен нақты уақыт кестесі бойынша мәліметтер беріліп отырады. Орталықта мәліметтерді жинау және өңдеу қызметкердің қатысуынсыз автомат­ты жүзеге асады және қа­уіпті сейсмикалық толқын анықталған жағдайда бірден хабарлама беріледі. Ал қауіп­­ті сейсмикалық толқын­ның жа­қын­дағаны туралы белгі Төтенше жағдайлар депар­та­ментіне түсіп, Darmen мобиль­ді қосымшасы арқылы тарайды.

Сейсмология институты алда­ғы жылы осындай үш қон­дыр­ғыны орнатуды жос­парлап отыр. Ал институт тарапынан жасалған ескер­ту қондырғысы 9 стансаны қам­титын болады. «Алматы қаласының Құтқару қызметі» МКК директоры Дмитрий Чухонцевтың мәлі­ме­ті бо­йынша, биыл он бір айда  бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қыз­ме­тіне «109» телефо­ны арқылы қала тұрғын­да­рынан 100 834 қо­ңырау келіп түскен.

Бұдан бұрын мәлім болға­нын­­­дай, жұртшылықты жылдам ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың Цифрландыру басқармасы, Төтен­ше жағдай­лар департаменті, «Янде­кс» халықаралық іздеу қызметі мен Darmen мобильдік қосым­шасын жасаушылар өзара ынтымақтастық туралы ке­лісім жасаған болатын. Ынты­мақ­тастық шарттары төтен­ше жағдайлар кезінде ха­бар­ла­ма­ның жылдам әрі жедел таралуын қарас­тырады.

Smart Almaty тұжы­рым­да­масын іске асыру аясында Алматы қала­сының Төтен­ше жағдайлар депар­та­­менті, Алматы қаласының даму Орта­­­лығы және «I2NIK» ком­па­­ния­сымен жүзеге асқан Dar­­men жобасын әзірлеуде ма­мандар Жапония және АҚШ-тың ұя­лы қо­сымшалар жү­йе­­­сін­­­дегі тәжіри­бе­лерге сү­йен­­­­­ген. Мобильді қосым­ша­­­­ны ОС Android және IOS ба­за­сында смартфон, план­шет пайдаланушылары мем­лекет­­тік, орыс және ағыл­шын тілдерінде жүктей алады. Бүгін­де қосым­ша­ны екі мың­нан астам желі пайдалану­шылары жүкте­ген. Мамандар­дың айтуынша, бұл бағыттағы хабарлан­дыру­лар жылдамдығы жағынан тиімді. Қалада биылғы жыл­дың 15 сәуірінен бастап SMS және Darmen қосымшасы арқы­лы төтен­ше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі енгізілді.