Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа әліпби: БАҚ мүмкіндігі мен мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

– Мұндағы мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытында жасалуға тиіс жұмыстың бір саласы – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру барысында, бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа емле ережесін түсіндіру және әліпби ауыстырудағы БАҚ қызметін айқындау еді, – деді орталық басшысы Әлібек Асқар мырза.
Одан кейін семинарға қатысушыларды қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар еткен Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Мырзабекова, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасы мақұлданған күннен бастап еліміз көлемінде 380 тренер-оқытушы дайындық курсынан өткенін, сонымен қатар өңірлерде ұйымдастырылған дәрістерге 1117 адам қатысып, істі оңтайландыру үшін жаңадан Qazlatyn.kz ұлттық порталы құрылғанын, үйренушілерге арналған электронды оқу құралдары, бейнероликтер әзірленгені жайлы мәлімдеді.
Сондай-ақ министрлік өкілінің айтуынша, Президент әліпбиді жетілдіруге қатысты пікір білдірген күннен бастап, жеке адамдар, тіл білімі ғалымдары мен әртүрлі сарапшылардан ұсыныстар үздіксіз келіп жатыр екен. «Оларды жинақтап ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының талқылауына ұсынып жатырмыз» деді Айнұр Айыпқызы.
Сонымен бұл реткі семинар кеңестің алғашқы баяндамасын жасаған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың ғалым-хатшысы Анар Фазылжанова, жиынға қатысушы баспасөз өкілдеріне бұқаралық ақпарат құралдарында кірме сөздері немесе шет тілдерден енген терминдерді латын-қазақ әліпбиі бойынша жазудың үлгі-өнегесін түсіндірді.
Одан кейін «Латын әліпбиін меңгерудегі ІТ жобалары» атты тақырыпта кең тынысты таныстырылым жасаған орталықтың қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы, Qazlatyn.kz ұлттық порталы негізінде жасалып жатқан әдістемелік жобаларды түсіндірді. Мұнда тілдің орфоэпиясы, граматологиясы қатарлы заңдылықтарды сақтаудың әдіс-тәсілдері, сонымен қатар тілді компьютерлендіру және электронды аудару мәселелері көпшілікке түсіндірілді.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар