24 Шілде, 2013

Медицина мектебі ашылмақ

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Питтсбург Университетінің Медицина мектебі Назарбаев Университетінде еліміздің денсаулық сақтау, медициналық білім мен биомедициналық зерттеулер саласындағы жаңа көшбасшылар болып танылған ғалым дәрігерлерді даярлайтын Медицина мектебін ашпақ.

«Бұл біздің Медицина мек­те­біміз үшін білім беру саласындағы әріптестіктің елеулі үлгілерінің бірі болып табылады», – деп атап өтті Питтсбург Университетінің медицина докторы, медицина ғылымдарының бас вице-канцлері және Медицина мектебінің деканы Артур С.Левин.

«Назарбаев Университеті Қа­зақстанның елордасында – Астана қаласында Медицина мектебін құру кезінде консультациялар мен техникалық қолдау алу үшін стратегиялық әріптесті іздеген болатын, – деді доктор Левин. – Назарбаев Университетінің Ме­дицина мектебі Ұлттық меди­ци­налық холдингтің клиникаларына жақын жердегі, студенттерге тәжірибелік база болып табы­латын кампуста орналасатын болады. Біз биомедицина саласындағы докторлар мен зерттеушілердің жаңа буынын даярлауға арналған американдық стильдегі оқу бағдарламасын құру үшін бар білім мен тәжірибемізді саламыз».

Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің сарап­­шылары Назарбаев Универ­си­тетіне медициналық оқу бағдар­ламасының базасын құру мен дамыту, академиялық бас­шы­лық құрам мен оқытушы-про­фес­сорлар құрамын жалдау және даярлау, ұйымдық және әкім­шілік құрылымды, ережелер мен рәсімдерді жоспарлау, оқу бағдарламасын, сабақ жоспарларын құрастыру мен Ұлттық медициналық хол­дингтің клиникаларынан ма­мандарды тарта отырып кли­никалық практиканы жүргізу мәселелері бойынша консультация беретін болады.

«Питтсбург Университетінің Медицина мектебімен ынты­мақ­тастықта үздік дәрігерлерді даярлау мақсатында біз медициналық білімнің жаңа моделін құруды жоспарлап отырмыз», – деді Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу. –Біздің мақсатымыз Қазақстанда интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру және соңында еліміздің басқа ай­мақтарында Қазақстанның ден­саулық сақтау жүйесін жақсарту үшін осы модельді тарату болып табылады».

Оқыту ағылшын тілінде жүр­гізілетін Медицина мектебі 2015 жылдың күзінде ашылады деп күтіліп отыр. Талапкерлер аме­рикандық медицина мектебінің, оның ішінде премедицина дайындық бағдарламасы мен Medical College Admissions Test мамандандырылған емтиханның та­лаптарына ұқсас талаптарға сәй­кес болулары тиіс.

Қазақстан Назарбаев Уни­вер­ситетінде Өмір туралы ғылымдар орталығы мен Энергетикалық зерттеулер орталығының ғалымдары мен зерттеушілеріне қысқа мер­зімді тренингтерді жүргізу арқылы Питтсбург Университетін биомедицина саласына 2011 жылғы маусымнан бастап тарта бастаған болатын.

Бірлескен ынтымақтастық 2012 жылғы шілдеде кеңейтілді, Питтсбург Университетінің Меди­ци­налық Орталығы (UPMC) Назар­баев Университетін отандық онко­логия мен 300 орынды, амбула­ториялық көмекті, ғылыми зерттеулерге арналған база мен қонақ үй кешенін қамтитын госпиталі бар зерттеу орталығының құрылысын дамытуға қолдау көрсету ретінде таңдап алған болатын.

«Егемен-ақпарат».