Кездесулерге мемлекеттік қызметкерлер және оның ішінде жергілікті басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты. Онда Әлихан Бәйменов дәйекті реформалар нәтижесінде Қазақстанда құрылған тиімділік, меритократия және қоғамға есеп беру қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің бірегей моделі, еліміздегі мемлекеттік қызметтің дамуы, жастар саясаты және мемлекеттік қызметкерлер мәдениеті туралы айтты. Кездесулерде оған тыңдаушылар тарапынан «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметі қалай болды?», «Бүгінде мемлекеттік қызметтің қалай дамып келе жатыр және оны жетілдіру бойынша қандай қадамдар жасалуда?» деген мазмұнда сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінде "А" және "Б" корпустарын алып келген реформаны өмірге енгізген саяси қайраткер болатын. Бұл реформа жалпы мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға, жетілдіре түсуге ықпал етті. Облыс мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен кездесу барысында спикер Мемлекеттік қызметтің қалыптасу кезеңдеріне және оның даму кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, өз тәжірибесімен және жетістіктің тарихымен бөлісті.
Сонымен қатар, қонақ Мемлекеттік қызмет ардагерлері мен Департаменттің және Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұжымдарымен кездесу өткізді.
Әлихан Бәйменов осы сапарында Қостанайдағы Шахмат клубында өткен атақты тоғызқұмалақшы, спорттың осы түрінен еліміздегі алғашқы спорт шебері Дмитрий Поляковтың 90 жылдық мерейтойына орай өткен облыстық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов қарт спортшыны мерейжасымен құттықтап, оған денсаулық, табыстар тіледі.
Қостанай