Тараптар денсаулық сақтау, автомобиль жасау, аэроғарыш өнеркәсібі, құрылыс, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және өзге де салалардағы өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.
Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ және Франция-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төрағасы Ив-Луи Даррикарер нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін атап өтті.
Кездесу барысында Alstom компаниясының Таяу Шығыс елдері бойынша вице-президенті Дидье Флежер, Vicat өңірлік директоры Пьетро Кала, Renault вице-президенті Николя Мор, Air Liquide вице-президенті Филипп Кристодолу және MEDEF делегациясының басқа да өкілдері сөз сөйледі.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов елордада Астана халықаралық қаржы орталығының бар екендігін айтты. АХҚО базасында экспат-орталық жұмыс жұмыс істейді. Экспат-орталықта шетелдіктер ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтерді ала алады.