Кәсіпқой бокс • 05 Желтоқсан, 2019

Аргентиналық «Цунамимен» айқасады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық жас талантты боксшы Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда кезекті жекпе-жегін Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркартында өткізеді.

Аргентиналық «Цунамимен» айқасады

Канаданың Монреаль қаласында өте­тін бокс кешінде ол «Цунами» лақап атымен танымал аргентиналық Хосе Ан­тонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) жұ­дырықтасады. WBC нұсқасы бойынша жас­тар арасындағы әлем чемпионы бүгінге дейін он жекпе-жек өткізіп, тоғыз кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін қазан айының соңында өткізіп, 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.