Үздік қақпашы атағы «Барыс» қақпашысы Эдвард Паскуалеге бұйырды. Ол командамен бірге соңғы үш ойында жеңіске жетіп, 96,67 пайыз қақпаға дәл бағытталған соққыны қайтарған. Сондай-ақ үздік қорғаушы аталымында «Барыстың» тағы бір хоккейшісі Атте Охтамаа топ жарды. Ол соңғы үш ойында қақпаға жалпы есебі 12 соққы жасаған.
Қазіргі таңда «Барыс» клубы ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 42 ұпаймен төртінші орында тұр.