Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

Сапасыз жол құрылысына себеп көп

602 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир СағыновПЕН әңгіме

Сапасыз жол құрылысына себеп көп

– БАҚ беттерінде жарияланған ақ­парат бойынша еліміздегі жолдар­дың 30 пайызы өте нашар, 30 пайызы қанағаттандырарлық болса, 40 па­йызы жақсы деген көрсеткішке ие. Жол­дардың нақты сапасын анық­тау­мен айналысатын орталық ретінде бұл мәліметке келісесіздер ме?

– Жалпы, жолдар үш санатқа, яғни жақсы жолдар, қанағаттанарлық және нашар жолдар болып бөлінеді. Респуб­ликалық маңызы бар жолдардың ішінде нашар жолдардың үлесі 13 па­йызды құрайды. Жергілікті жол­дар­дың ішінде нашар жолдар 29 пайыз екені анықталып отыр. Бұған дейін Дүние­жүзі­лік экономикалық форум рей­тин­гін­де Қазақстан жолдары 114 орында болса, кейін 116 орынға жайғасты. Соң­ғы мәлімет бойынша, 93-орында­мыз. Бұл көрсеткіштің жақсаруына рес­пуб­ликалық маңызы бар жолдардың жоғары деңгейі тікелей ықпал етуде. Себ­еб­і жер­гілікті деңгейдегі жолдардың ұзын­ды­ғы­на қарамастан қаржыландыру көлемі айтарлықтай жоғары. Бұл бағыт­та бірқатар жұмыстар атқарылып отыр. Ең алдымен Астана – Бурабай жолы екі жолақтан, алты жолақты жолға ауыс­ты­рылды. Кейін Нұр-Сұлтан мен Қара­ған­ды қалаларының екі ортасы екі жол­ақты жолдан төрт жолақты жол болып өзгерді. Сонымен қатар Алматы мен Қапшағайдың ортасы да алты жол­ақты жолға ауыстырылды. Елі­міздегі рес­публикалық маңызы бар жол­дарды 1-санатқа ауыстыру жұмыс­тарына басым­дық берілді. Енді Қараған­ды мен Алматы­ның арасындағы жолдарды төрт жолақты жолға ауыстыру міндеті алға қойылған. Жол мәселесінде кенже қалып отырған осал тұсымыз Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, үйге дейінгі жолдар, өңіраралық жолдар, аймақтық жолдар мәселесі екенін жақсы білеміз. Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл мәселені шешу үшін арнайы тапсырма берді. Бүгінде аймақтық жолдарға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсе, сонымен қатар қосымша республикалық бюджеттен трансферт аударылады. Былтыр мемлекеттік қазынадан авто­жол­дарға 646,8 млрд теңге бөлінді, биыл 711 млрд теңге қарастырылды. Бұл қа­ра­жаттың 300 млрд теңгесі жергі­лік­ті жолдарды жандандыруға бағыттал­ған. 188 млрд теңге – республикадан беріл­ген трансферт көлемі. Келесі жылы да бөлінетін қаражат көлемі осы шамада болады деген болжам бар. Мем­лекет та­рапынан республикалық дең­гей­де маңызы бар жолдарды ғана емес жер­гілікті жерлердегі жолдарды да жү­йе­леу жұмыстарына басымдық бері­ліп отыр. Үкімет қаулысымен тиісті шешім қабылданып, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» орталығы құ­рылды. Бұрындары республикалық ма­ңызы бар жолдардың салынуына тексеріс жүргізілсе, аталған орталықтың құзыретіне жергілікті маңызы бар жолдармен қатар, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды, ауыл ішіндегі жолдарды тексеру құқығы беріліп отыр. Соған байланысты тиісті жұмыстарды бас­тап кеттік. Осы уақытқа дейін 7 мың­ға жуық нысанға тексеріске барып, 12 мыңға жуық сынама үлгісін алдық. Оның 4700-ге жуығы стандарттарға сай келмейді. Бұл ретте тапсырыс берушіге, мердігерге, сапаны тексеретін инженерлік компанияға, жол зерттеу жұмыстарына қатысқан институттарға арналған 1700-ден астам хаттама толтырылды.

– Жергілікті жерлердегі жолдарға қатысты мәселелер қаншалықты оң шешімін табуда? Республика бойынша жол сапасына, бөлінген қаражат көлеміне қатысты облыстарға рейтинг жүргізіле ме?

– Әр облыста жол салу қарқыны әр­­түр­лі. Кейбір облыстарда қаражат көле­мі жоғары болса, кейбір аймақтарда кері­­сін­­ше төмен. Биыл 1 қыркүйектегі жағ­дай бо­йын­ша жергілікті бюджеттен жол мә­се­ле­сін шешуге көп қаражат бөл­ген облыстардың көш басында Түркі­стан об­лысы тұр. Бұл өңір биыл 14 млрд теңге қа­ра­жат бөліпті. Келесі кезекте Ал­маты об­лысы 10 млрд теңге бөлсе, Қара­ғанды об­лысы 5 млрд теңгені жол мә­се­л­есін шешуге бағыттаған. Шығыс Қазақ­стан об­лысы былтыр 7 млрд теңге бөлсе, биыл бұл қаражат көлемі едәуір аза­­йып, 3,9 млрд теңге бөлінген. Ал жер­­гі­лікті бюд­жеттен автожол саласына өте аз қа­ра­жат бөлген облыстардың қа­та­рында Маң­ғыстау облысы − 1,6 млрд теңге, Атырау облысы – 1,6 млрд теңге, Сол­түстік Қазақстан 1,7 млрд тең­ге бөл­ді. Бұл үш облыс қаражат бөлу жа­ғы­­нан артта келеді. Ескеретіні, жергі­лікті бюд­жеттен бөлінетін қаражаттан бөлек, рес­пуб­ликалық қазынадан бө­лі­­не­тін қа­ра­ж­ат тағы бар. Оның сыр­тын­да Нұр-Сұлтан қаласының маңын­­дағы елді-мекендерді дамыту бағы­тында Та­лап­кер, Қосшы, Қоянды, Бозай­ғыр сын­ды ауылдарға қосымша бағдар­лама арқы­лы қаражат бөлінеді. Бұл бағдарла­маға жер­гілікті жерлерден емес, республика­дан қаражат тікелей аударылады.

– Жасыратыны жоқ, еліміздегі жол­дар­дың сапасынан бөлек, жол салу үде­рісінің өзі дұрыс жүйеленбеген. Тендер өткізу рәсімінің ашық емес­тігі, дел­дал­дардың, қосалқы мердігер­лер­дің көп­тігі, сапасыз құрылыс мате­риал­дары­ның көптеп қолданылуы сынды факті­лерді жеке-жеке атап өтуге болады...

– Қазір тендер өткізу құқығы Қаржы министрлігіне беріліп отыр. Бұрын әрбір мемлекеттік орган өткізе беретін. Әрі электронды форматқа көшірілді, демпинг әдісі осы уақытқа дейін орын алып келді. Бұрын тендерде кім ең төменгі баға ұсынады, сол ұтатын еді. Төмен бағаны қойып алып, ақшасы жетпеген соң, арзан материалдарды қолданады. Бұл өз кезегінде жолдың сапасына әсер етеді. Биылдан бастап бұл мәселені шешу үшін заң өзгерді, мәселе бір бағытқа келді. Екінші, сапаны қадағалайтын инженерлік компаниялардың бұрындары 100 млн теңгеге қойылған бағаны 1 теңгеге сатып алған жағдайлары орын алды. Сапаны қадағалайтын білімді инженерлердің алар айлығы 300 мың теңгеден кем емес. Ал тендерден ұтқан компания қабілетті инженер алуға қаражаты жетпегендіктен жол саласынан бейхабар, мамандыққа қатысы жоқ адамдарды жұмысқа алады. 

Бұрын жол салатын мердігердің тех­­ни­касы болса, мемлекет тарапынан же­ңіл­­дік берілетін. Қазіргі ереже бойынша бұл критериді кәсіпкерлікке кедергі кел­ті­реді деген желеумен алып тастады. Бұл ұсы­нысты «Атамекен» кәсіпкерлер па­ла­та­сы ұсынды, Қаржы министрлігі қол­дады. Енді ешқандай техникасы жоқ мер­ді­герлер тендер ұтып алғаннан кейін кім көрі­нг­еннен техника сұрап, жалға алуға жалған келісімшарт жасайды. Екінші­ден, тендер жарияланған кезде мер­дігер компания жұмысшыларының дең­гейі деген бөлімде мамандардың білім-бі­лік­тілігі сараланатын еді. Мы­салы, жо­ғары білімді маман, иә болмаса көп жыл­дық тәжірбиесі бар маман болса, соған сай басымдық берілетін. Қазіргі талап бойынша бұл тармақты таба алмайсыз. Соның салдарынан жол салып жүргендердің кім екенін біл­мей­сің. Үшіншіден, бұрынғы тәртіп бо­­йын­ша ЖОО-да оқитын практикант­тар жоб­а­ларға шақырылып, жалпы жұ­мыс­тың жүргізілу барысымен таны­сатын. Мысалы, жолдарды қайта жөн­деуден өткізуге арналған конкурстың жеңім­пазы атанған мердігер кәсіпорын 4 сту­дент­ті практикаға алуға міндетті еді. Оның ішінде студенттердің тамағы, жатын орны, еңбекақысы кіреді. Бұл бір жағынан студенттер үшін көмек болса, екінші жағынан тәжірбие жинақтау үшін берілген зор мүмкіндік. Бұрын өңірлік тә­жі­рбие кезінде көзге түскен білікті ма­ман­дарды кәсіпорындар жұмысқа шақы­рып, 3-4-курс студенттерінің ішінде 5 жылға келісімшартқа отырып, еңбек жолын бастап кеткендері де болатын. Қазір бұл талаптар түп тамырымен жойылып, мер­ді­герлердің сапасын жақсартамыз де­ген оң қадам керісінше, сапасыз жұ­мыс­тың санын арттыруға ықпал етіп отыр. Жолдағы жолақтарда орналасқан жол белгілерін орнататын мердігер ком­па­ния­лардың лицензиясы жоқ. Кім сал­ғы­сы келсе, сол салатын деңгейге жетті. Түнде көлік тізгіндеушілер жол бел­­­гі­­­лерін­дегі жарық қайтару дең­гейі­нің төмен­­дігін жиі байқайды. Біз мұны а­р­­найы тек­сердік. Расымен, жол белгі­лері­н­­дегі жа­рық қайтаруға әсер ететін плен­кан­ың са­пасы өте төмен болып шық­ты. Сал­­дары­­нан түнде көлік айдап келе жат­қан жүр­­гізуші белгіні дұрыс көр­мейді де, апатқа ұшы­райды. Осы мәселе­лерді қайта қалпына кел­тіру керек деп есептеймін.

– Орталық осы уақытқа дейін бір­шама жұмыстар атқарды. Жол салу барысындағы олқылықтарды жіпке тізіп, тиісті органдарға тапсырасыздар. Нәтижесі қандай?

– Орталық тарапынан тексерудей-ақ тек­серіп жатырмыз. Мысалы, Нұр-Сұл­­тан қаласының маңында орна­лас­­қан Қос­шы ауылында салынған жол­дар­дың са­пасыз екені анықталды. Бар­лық ес­керт­пелерді қағазға түсіріп, Индус­трия және инфрақұрылымдық даму м­и­нистр­­лігіне қарасты Автомобиль жол­­д­ары және Құрылыс және тұрғын-үй ком­­му­налдық шаруашылық істері ко­­­ми­­тет­т­еріне жолдадық. Олар Мем­ле­­кет­­тік сәулет құрылысы басқар­масы­на біз­дің жаз­ғанымызды жіберді. Хат жол­­дау процесі мұнымен бітпейді. Құ­ры­лыс басқармасы облыстағы жол бас­қар­масына жібереді. Олар соңында «мер­дігер кәсіпорындарда өзіміздің жігіт­тер жұмыс істеп жатыр ғой» деп ақ­тап алады. Қосшыдағы тексеріс тамыз айында жүргізілген еді. Әлі күнге нақ­ты шешім қабылданған жоқ. Заңды бел­ше­ден басқан мердігерлерден жауап алынған жоқ. Тек ауызша шара қол­да­н­ылғаны айтылды. Нақты жүйелі ше­шім қабылданып, заңға сай жұмыс істе­­меген мердігерлерді лицензиясынан айы­ру керек еді. Қандайда бір шара қол­­дану құқығы тіпті, жол комитетіне де беріл­­меген. Ескертпелердің уақыты­лы орын­да­лмағаны үшін де шара қол­даны­луы керек. Тіпті біздің жазған хат­та­ма­ларымызға қанша уақытта, қалай жауап беруі керектігі турасында нақты бекі­­тіл­ген ереже жоқ. Бұл мәселені заң ая­сында қанша күнде тиісті жауап бе­рілуі керектігіне дейін екшелеп, тайға таңба басқандай жазып қою керек. Әйт­песе атқарған жұмыстың барлығы бекер. Бір-бірімізге хат жазысып уақыт жоғалтып жүргенде сапасыз жол салуға машықтанған мердігерлер бір жобаны аяқтап, екінішісіне кірісіп кетеді.

 

Әңгімелескен

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»