«Сәтті Жұлдыз» компаниясының жаңа Lotomatic электронды лездік лотереялары ел арасында «сары-жасыл» деп аталатын заңсыз ойын автоматтарын ығыстыруда.
Ағымдағы жылдың 10 айында мыңнан астам заңсыз ойын автоматы тәркіленді, оның көпшілігі Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы мен Ақтөбе облыстарында орналасқан.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесінде үш ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Жалпы алғанда, 2019 жылы СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша 303 материал тіркелді.
«Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның Lotomatic жобасы осы жылдың мамыр айында іске қосылды. Лотерея билеттерін сату, ұтыстарды төлеу туралы ақпарат ЛАӨО-да (лотерея ақпаратын өңдеу орталығы) көрсетіледі, ал сол жерден Лотерея туралы есеп беру орталығына жіберіледі. Барлық деректер мемлекеттік реттеуші – Мәдениет және спорт министрлігіне жіберіледі. Міндетті салықтардан басқа, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторы жалпы ойын кірісінің 15%-ын отандық спортты дамытуға аударатынын атап өткен жөн.
Lotomatic-тың жұмыс істеу қағидасы өте қарапайым: қатысушы қағаз билеттің орнына электронды лездік лотереяны сатып алады да, қорғаныш қабатын өшіреді. Дәстүрлі лотереядан айырмашылығы – автоматтың экранындағы қабатты өшіру керек.
Заңсыз терминалдардың бизнесін көлеңкеден шығару бағытында жасалған іс-шараларға қарамастан, кей кәсіпкерлер «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның түпнұсқалық лотерея терминалдарының жалған көшірмесін жасай бастады.
Жалған терминалдың қармағына түспеу үшін келесі белгілердің болуына назар аудару керек: дүңгіршектің сары-көк түсі, логотип, терминалдың сәйкестендіру нөмірі, QR-код.
Lotomatic-тің бас директоры Виктор Кузевановтың айтуынша, электронды лотереялар жаһандық үрдіс болып табылады.
Лотереяларды қағаздан электронды форматқа ауыстыру тиражды жасауға, өндіруге, жүзеге асыруға, логистикаға, яғни лотерея дүңгіршектеріне билеттерді тасымалдауға жұмсалатын операциялық шығындарды азайтады және осылайша жүлде қорын көбейтеді.
«Ойнау» элементтерінің және әдеттегі «казинолық» алгоритмдер мен құмарлықтың жоқ болуына қарамастан, лездік лотереялар адамдарға қызықты. Яғни, лотерея сатып алған адам лотерея компаниясының нәтижеге: сатып алынған билет сәтті бола ма, жоқ па әсер ете алмайтындығын түсінеді.
Алайда, сонымен бірге Қазақстанда электронды лотерея құру тек әлемдік тенденцияны ұстану ғана емес екендігі белгілі. Электронды лотереялардың заңды нарығының әлеуеті өте зор, бірақ қазіргі уақытта бұл көбінесе көлеңкелі нарықта орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 15 мыңға жуық заңсыз ойын автоматтары жұмыс істеген.
«Іс жүзінде казинодан еш айырмашылығы жоқ 400-ге жуық ойын клубтары болды. Осылайша, мемлекетіміз кез келген адам жақын маңда осындай ойын түрлерін сатып ала алатын үлкен казиноға айналды», дейді Виктор Кузеванов.
Оның айтуынша, қазір құқық қорғау органдарының нақты жұмысының нәтижесінде жағдай біршама жақсарды. Сондай-ақ ол ойын автоматтарының иелері заңды лотерея өніміне көшуге дайын екенін айтты. Осылайша, 3,5 мыңнан астам терминал жабдығы заңсыз айналымнан Lotomatic-ке ауысты.
Lotomatic электронды лездік лотереялары «Сәтті Жұлдыз» АҚ-тың барлық лотереялық өнімі сияқты «Жауапты ойын» қағидасы бойынша ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.