Қарағандыда «Болашақ» университеті шәкірттеріне сапалы білім алумен бірге, өнер және спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Соның арқасында өз жоғары оқу орындарының мерейін өсіруші талапты жастар көптеп саналады. Солардың бірі Бейімбет Қанжанов Қазан Универсиадасында самбо күресінен 52 кг. салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып, замандастары ортасына олжалы оралды. Оны университеттің ректоры Құрал Меңлібаев бастаған топ пойыздан қарсы алып, жеңісімен құттықтады.
Экономика факультетінің 2-ші курсында оқитын Бейімбет спорттың бұл түрімен бірнеше жылдан бері шұғылданып келеді. Осы уақытта ол бірқатар ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерді. «Болашақ» мақтанышының бұдан да биік белестерге көтерілуге мүмкіндігі бар. Ол келе салысымен дайындыққа кірісіп кетті.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды.