24 Шілде, 2013

Ақпараттар ағыны

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

* Қазақстанның астық қабылдау кәсіпорындарында 3 млн. 568 мың тонна астық бар. Оның 2 млн. 784,5 мың тоннасы немесе 25 пайызы үш негізгі астық өсіруші Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі болып отыр.

Биылғы егін орағына жеңілдетілген бағамен 410 мың тонна отын бөлінеді. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай және газ министрлігі жағармаймен қамтамасыз етудің кестесін бекітті. Ал оның бағасы көктемгі егіс кезіндегі деңгейде, яғни орташа нарықтың құнынан шамамен 10 пайызға арзан болады.

Астанада жылдың бірін­ші жартысында 946 пәтер пай­далануға берілді. Биыл «Қол­жетімді баспана-2020» бағ­дар­ламасы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы көлемі 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс.

*«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 300 жоба іске асады. Олардың құны 78,1 млрд. теңге тұрады. Бұл ретте қаражаттың ең төмен игерілуі Маңғыстау (15,3%), Ақмола (53,9%) және Қостанай (56,8%) облыстарына тән болған.

Жамбылоблысы 2012 жылғыелаймақтарыарасындадамуқарқыныбойыншакөшбастады.Облыстың аймақтық жалпы өнімі 2012 жылы 778,2 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылғы деңгейден 143,9 млрд. теңгеге артық.

*Семейде Әскери әуе күш­те­рінің жаңа авиациялық база­сы ашылды. «Жаңа Семей» әуе­жайында құрылған әскери бө­лім­ді жасақтау үшін «Үшарал» әуе­жайындағы авиациялық база көшірілді.

*Оңтүстік Қазақстанда 16 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрды. Ал 2015 жылға қарай мұнда бұл салада жылына 24-26 мың адамға дейін қамтуға қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Қызылорда облысының прокурорлары айтарлықтай қомақты соманың мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз етті. Мұны олар Жалағаш ауданы салық басқармасының жұмысында жіберілген кемшіліктерді орнына келтіру негізінде «Агро-Холдинг Байқоңыр» серіктестігінің бюджетке 21 390 673 теңге, жинақтаушы зейнетақыға қорына 1 541 812 теңге аударуы арқылы жүзеге асырды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.