Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Қожалыжар, Әуелбек ауылдарына су келді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі ауылдық аумақтарда орталықтандырылған су желілері тартылып, кешенді блок-модульдер орнатылуда.

Қожалыжар, Әуелбек ауылдарына су келді

Биыл Үкіметтің қолдауымен 495 шақырым су құбыры салынып,  ауылдар таза ауыз суды пайдалануда.

Ал, Ақтоғай ауданына қарасты Қожалыжар, Әуелбек ауылдарындағы орталықтандырылған су құбырының құрылысы осы жылдың сәуір айында басталды.

Құрылысты жүргізген «Ай-Су Мелиорация» ЖШС жұмысты мерзімінен бұрын аяқтап, ауылдағы үйлер су құбырына қосылуда.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, Қожалыжар ауылында 22,5 шақырымдық су құбырын тартып, сорғыларды салуға мемлекеттік қазынадан 618,156 миллион теңге, Әуелбек ауылында ұзындығы 19 шақырым болатын құбыр құрылысына 515,7 миллион теңге бөлінген.

- Ауылға су келді. Енді шелектеп су тасудың қажеті жоқ. Суық су да, ыстық су да үйде, - дейді қуанышты тұрғындар.

Аудандағы Қожалыжар ауылында 232, Әуелбекте 218 үй бар. Олардың барлығы таза ауызсу жүйесіне қосылуда.

 

Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы