Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Форум «Еңбегі жанған аруларға» арналды 

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл еліміздің «Іскер әйелдер» қауымдастығының құрылғанына 25 жыл. Осы атаулы шараға орай облыс орталығында өткен «Еңбегі жанған арулар» атты республикалық форумға қауымдастықтың өңірлердегі филиал өкілдері қатысты.

Форум «Еңбегі жанған аруларға» арналды 

Қауымдастық президенті Раушан Сәрсембаеваның айтуынша, бұған дейін форум отырысы Ақтау, Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген.

Жиынға Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко қатысып, өзінің бастауыш сынып мұғалімінен Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын айтып  берді.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов өңірдегі білім, денсаулық сақтау, мәдениет, мемлекеттік қызмет саласында қызмет ететін әйелдердің үлесі 70 пайызға жуық екенін атап өтті.

Сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 130 мыңнан аса әйел еңбек етуде. Жергілікті атқарушы орындар басшыларының 37 пайызы әйелдер.

Жиын барысында еңбекқор, іскер әйелдер марапатталды.

Форум қауымдастық мүшелері үшін ұйымдастырылған семинар-тренингке ұласты.  

 

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев