Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019

Адалдық ешкімді алдамайды

390 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін атап өтіп, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды.

Адалдық ешкімді алдамайды

Азаматтарда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениет пен бе­­рік иммунитетті қалыптас­тыр­майынша, оң  нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Ең әуелі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алудың жолын әрбір қазақстандық өз отбасында дәріптесе, қоғам дертіне қарсы иммунитетті де нықтаған болар едік.

Қазақта «ұяда не көрсең, ұш­қан­да соны ілерсің» демекші, бала ата-анасының бойынан қандай қасиеттер көрсе, соларды бойына сіңіретін болады.

Отбасы өсіп келе жатқан ұрпақ­тардың әлеуметтенуін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жү­йелі негізге қойылған қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ерекше кешенді құзырет берілген.

Агенттіктің барлық бастама­лары сенім, әділдік, парасат­ты­лық құн­дылықтар призмасы ар­қылы жүзеге асырылуда. Пара­сат­тылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кү­шей­­тудің тұ­жы­­­рымдамалық негізі бо­лып ай­қындалған.

Парасаттылық қоғам мүд­де­сінің басымдығына бағытталған қа­зіргі заманғы мемлекеттік бас­­қарудың барлық жүйесінің ірге­тасы саналады.

Қазіргі таңда агенттіктің Шым­кент қаласы бойынша департаменті барлық топ арасында парасаттылық мәдениетін жетілдіру мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйым­­­дастыруда. Әсіресе Жастар жы­лына орай жастарға көптеп көңіл бөлінуде. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деп ұлы Абай айт­қан болатын.

Білім саласындағы сыбайлас жем­қорлықты жою және ол іске жастарды белсенді жұмылдыру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледждерде «Sanaly Urpaq», ал мектептерде «Адал ұрпақ» жобалары жүзеге асырылуда.

Қазақтың халық жазушысы Ғ.Мүсірепов «Адалдық: өзі алдан­са алданар, өзі ешкімді алдамас» деп атап өткен. Осы орайда қаламызда оқу­шылар мен студенттерді өзде­рін тәрбиелеуге мүмкіндік бере­тін, өзгені алдамауға үйрететін «Адал­дық дүкендері» іске қосылған. Яғни, мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажет заттарды алып, оның ақшасын кассалық жәшікке қалдырады. Осылайша сатушысы жоқ дүкенде өздеріне өздері қызмет көрсетеді.

Қайырымдылық – қадірлі іс демекші, жақында агенттік бас­тамасымен Шымкентте көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созу және жас ұрпақты жақсылық жа­сауға үндеу мақсатында «Ізгілік елшісі» жобасы қолға алынды. Аталған жоба аясында департамент пен «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кең­сесінің өкілдері және жастар кө­мекке мұқтаж жандарға жан-жақты волонтерлік көмек көр­сетеді.

Сондай-ақ қоғамда парасат­тылық қағидатын кеңінен жеткізу, сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі сала өкілдерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу мақсатында «Шымкент – адал­дық алаңы» жобалық кеңсе­сі жанынан «Парасаттылық мек­тебі» жұмысын бастап, онда 50 лектор арнайы оқудан өтті. Атал­ған лекторлар қазіргі таңда қала мек­теп­терінде түсіндіру жұмыстарын жүр­гізуде.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан халқына Жолдауында аза­мат­тардың барлық сындарлы өті­ніш-тілектерін жедел әрі тиім­ді қарастыратын «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­­рымдамасын іске асы­руды тап­сырған болатын. Осы­ған бай­ла­нысты департамент мем­ле­кеттік мекемелермен бірлесіп, «Open Space» форматына көшіру және басшылардың кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірін­ші қабаттарына ауыстыру, мем­лекеттік органдардың ашықтығын қамта­масыз ету мақсатында жұ­мыстар жүргізуде. Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың ашық­тығын қамта­масыз ету және ха­лыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында фронт-офистер ашылуда. Тіпті білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары да бірауыздан қолдап, азаматтарды қабылдау орындарын «Open Space» форматына ауыстырып, өздері ха­лыққа жақын болу мақсатында кабинеттерін бірінші қабатқа ауыс­тыруда.

Жоғарыда атап өткенімдей, агент­­тіктің жұмысында сыбай­лас жемқорлықтың алдын алуға ба­­сымдық берілуде. Ал парасат­ты­­лықты бойына сіңірген адам еш­­кімге қиянат жасамай, жақсы, адал жолмен жүріп, сыбайлас жем­қорлыққа жол бермейді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

 

Асхат ЖҰМАҒАЛИ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

 

 

Түркістан облысы