Футбол • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстан төртінші топта

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2020 жылғы Ұлттар лигасы жеребесінде Қазақстан құрамасы «С» дивизионында төртінші топта орналасты.

Қазақстан төртінші топта

Бұл топта Армения, Әзербайжан және Молдова құрамалары бар. Ал бірінші топта Грекия, Албания, Черногория, Грузия, екіншісінде Солтүстік Македония, Косово, Беларусь, Кипр, үшіншісінде Эстония, Словения, Литва, Люксембург құрамалары орналасқан.

Ұлттар лигасы 2018 жылдан бастап өткі­зіліп келеді. Өткен жылы Қазақстан құра­масы «Д» дивизионында бірінші топта Грузия, Латвия, Андорра құрамаларымен сын­ға түсіп, алты ұпаймен екінші орын иеленген-ді.

2020/2021 жылғы Ұлттар лигасы жеребесі 2020 жылдың 3 наурызында Амстердам (Нидерланд) қаласында тартылады. Іріктеу кезеңі ойындары 2020 жылдың 3 қыркүйегі және 17 қарашасы аралығында өтеді.