Парламент • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед НАТО-ның Түркиядағы әскери училищелерінде қазақстандық курсанттар ақысыз негізде оқып жатқанын атап өтті. Осыған дейін 200-ге жуық офицер оқып шықты, қазіргі кезде 20 курсант білім алуда, сондай-ақ еліміз Қорғаныс министрлігінің 14 офицері Түркияның оқу орталықтарында даярлықтан өтуде. «Жүргізілген талдау жұмыстары бүгінде Қорғаныс министрлігі құзырында жұмыс істеп  жүрген Түркияның жоғары әскери оқу орындары түлектерінің теориялық және практикалық білім деңгейі жоғары екендігін көрсетіп отыр», деп атап өтті М. Құл-Мұхаммед.

Сенатор Мұратбай Жолдасбаев түрік курсанттарының Қазақстанда білім алатындығы туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтан сұрады. Т.Дәндібаев қазіргі кезде Түркияның 16 әскери қызметкері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқып жатқаны туралы айтты.

Құжатты ратификациялау Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтеді, әскери ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал етеді. Келісім мамандар даярлау мен оқытумен қатар бірлескен жаттығулар өткізуге, ғылыми және техникалық зерттеулерді жүзеге асыруға, қорғаныс өнеркәсібінің ынтымақтастығына, сондай-ақ картография, гидрография, топогеодезия салалары бойынша қамтамасыз етуге қатысты болады.

Соңғы жаңалықтар