Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
«Фронттардың орнына антициклон келіп республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады. Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендесе де, орташа көпжылдық мәннен жоғары болып қалады», делінген хабарламада.