Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық маңызы бар тасжолда жол жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды

«5 желтоқсан күні сағат 19:00-ден бастап жауын-шашын және көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар А-1 «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 304-341 шақырым (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) аралығы жабық», деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сондай-ақ сағат 19.00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавловск республкиалық тасжолының ( 341-473 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Петропавл қаласына дейін) аралығы көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша жабылды.

«5 желтоқсан сағат 12:40-тан бастап Қарағанды облысы аумағында да көктайғаққа байланысты «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1003-641 шақырым (Қарағанды-Балқаш қалалары аралығы) аралығында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 906-424 шақырым (Топар кентінен Жезқазған қаласына дейін) аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды», деді Н.Нұрахметов.