Спорт • 06 Желтоқсан, 2019

2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық Олимпиадалық комитет кеңсесінде отандық спортшылар 2020 жылғы Токио Олимпиадасына киетін парадтық және спорттық формалардың, сондай-ақ ұлттық құраманың экипировакасының дизайнын дайындау жөніндегі конкурс комиссиясының арнайы отырысы өтті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды

Олимпиада чемпионы, Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет басшысы Серік Сәпиевтің жетекшілігімен өткен жиында конкурсқа қатысушылардың өтінімдері талқыланды.

Отырыс соңында ұлттық құраманың киімін дайындауға үміткер төрт автор таңдалды. Олар –  «ИПМА СпортМаркет» ЖШС, «КазСПО-N» Zibroo Active Sportswear ЖШС, «Marino Madi»,  «Казлегпром – Алматы» ЖШС. 

Құрамына Олимпиада жүлдегері Гүзел Манюрова бастаған спортшылар енетін комиссия мүшелері бұл жұмыстың әрі қарай жалғасатынын жеткізді.