Руханият • 07 Желтоқсан, 2019

«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті

30 реткөрсетілді

«Жастарға жол» қоғамдық қоры «Қазақстанның балалар үйінің түлектері қауымдастығымен» бірлесіп  «Қоғамдық маңызы бар бастамалар» қорының қолдауымен жыл сайынғы «Ел бірлігі – 2019» марапаттау шарасын өткізді. Салтанатты шара барысында балалар үйінің түлектеріне тәкелей қолдау білдіріп жүрген мекемелер басшылары марапатталды.

Қауымдастық Жастар жылы аясында ашылып, қазіргі кезде балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуі бағытында игі шараларды жүзеге асырып келеді. Ересек өмірге қадам басқан жастардың білім алып, жеке кәсіп ашуына қолдау көрсетіп жүрген қауымдастық еліміздің барлық аймақтарында белсенді. Қауымдастық президенті Рафаэль Гасанов қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдармен байланыс орнатып, үлкен өмірге қадам басқан жастарды қолдауға бағытталған жобалардың үздіксіз жүзеге асатындығын жеткізді.

Салтанатты шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты И.Смирнова қоғамда балалардың балалық шағы ерекше қорғалуы қажет деп атап өтті. Оларға білім алуға, еркін әрі бақытты өмір сүруге бар жағдайлар жасалуы қажет. Бірақ бұл мәселеге өкінішке орай біз тұрақты көңіл бөле алмай келеміз. Мұндай қауымдастықтар қоғамға қажет. Жастарымыз қай салада алсақ та қолдауға зәру. Бүгінде қоғамда өзіне-өзі қол жұмсау, жұмыссыздық, т.б. мәселелер жиі белең алуда. Осы тұрғыда жастардың грант алып, ары қарай өз кәсібін ашу, жұмысқа орналасуына мемлекет тікелей қолдау көрсетуі тиіс. Әрі бұл бағытта қоғамдық ұйымдардың қолдауы, жергілікті жерлерде көрініс тапқан күрделі мәселелерді шешуге ықпал етуі аса маңызды. Қазақстанның балалар үйі түлектері қауымдастығы өткізген шара барысында түйткілді мәселелердің шешілуіне қолдау көрсеткен мемлекеттік органдар мамандары марапатталды.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Қоржынымыз бос қайтты

Қысқы спорт • Бүгін, 06:56

Боксшылар Амманда іріктеледі

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:53

Нақыл сөздерге толы ағаш

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Кемел ойлардың кемеңгері

Абай • Бүгін, 06:41

Мағауин мифі

Руханият • Бүгін, 06:35

Мүдделер тоғысы

Әлем • Бүгін, 06:32

Ауғанстанда ұшақ құлады

Әлем • Бүгін, 06:30

МӘМС: атқарылды көп іс

Медицина • Бүгін, 06:22

Көше бойындағы мәдениет

Қоғам • Бүгін, 06:06

Сары нөмір берілетін болды

Қоғам • Бүгін, 06:05

Қаңтардағы қарлы құрсау

Қоғам • Бүгін, 06:03

Ұқсас жаңалықтар