Суретке түсірген Данияр МАЙЛЫБАЕВ
Алғашқы жартылай финалдық бәсеке Түркістан мен Қарағанды облысы өкілдері арасында өтті. Бұл жарыстың басты сенсациясы – 57 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен атақты боксшы, әлем чемпионы Қайрат Ералиевтің есімі көпшілікке беймәлім Рүстем Шәуменовке ойда-жоқта жеңілуі. Десек те бұл тартыс түркістандықтардың пайдасына шешілді. Сәкен Бибосынов (52 кило), Бекдәулет Ибрагимов (69 кило), Бек Нұрмағанбет (81 кило), Абзал Құттыбеков (91 кило) және Нұрлан Сапарбай (+91 кило) сынды саңлақтар өз қарсыластарына сан соқтырды. Нәтижесінде Түркістан облысы 5:3 есебімен жеңске жетті.
Келесі жартылай финалдық бәсекеде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының құрамалары шеберлік байқасты. Бұл сайыс елордалық былғары қолғап шеберлерінің пайдасына шешілді. Есеп – 5:3.