Қоғам • 08 Желтоқсан, 2019

Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «ІІ Global Teaching Qazsaq» халықаралық форумына Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан және Түркия елдерінен білім саласының білікті мамандары қатысты.

Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды

Мұғалімнің қоғамдағы рөлі, білім сапасын арттыруда оқушымен, ата-аналармен байланыс ерекшеліктеріне тоқталған Р.Масырова, Б.Сейдалиев, Н.Такаши, А.Аляз, Г.Галипова, М.Алан және басқа да педагогтар заманауи технологиялардың күнделікті оқыту жүйесіне енгізу тәжірибелері туралы жайында баяндады.

«Qazsaq Media Group» ұйымдастырған форумбарысында он педагогқа «Qazsaq» стипендиясы табысталып, өзге қатысушы ұстаздарға халықаралық диплом және «Үздік педагог» төс белгілері табыс етілді. «II Global Teaching Forum Qazsaq»  жобасынтаныстырған жоба редакторы Медина Рей  алдағыжоспар, педагог үшін жобаның пайдасы, қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру, оқытшыларға арналған стипендия, т,б, мәселелер төңірегінде ой өрбітті. Үздіктерді іріктеуге қазылар алқасының құрамында «Nur Otan», «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері қатысты. Жоба шарты бойынша жеңімпаз болып танылған ұстаздар 2020 жылдың мамыр айына дейін «QazsaqMediaGroup» атынан айлық жалақысының 10-15% мөлшерінде қосымша жәрдемақы алып отыратын болады.

Ал форумға қатысушылар арасынан 30 педагог ағымдағы жылдың 22 жетоқсанында Түркияның Ыстамбул қаласында өтетін халықаралық «ІІI Global Teaching Forum Qazsaq» teach-турына іріктелетін болады. Ал алдағы уақытта форумға қатысқан ұстаздаржұмыстарының жинағы «ІI Global Teaching Forum Qazsaq» 50 000  таралыммен жарық көретін болады.

 

АЛМАТЫ