Тарих • 09 Желтоқсан, 2019

Тарихты танудағы тың бастама

419 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алғаннан кейін басқа зерттеу салаларындағы шешілмеген мәселелер секілді Қазақстан тарих ғылымының да оқшау қалған тұстары болды. Кейбір тарихи оқиғалар әр елдің тарихшылары тарапынан әртүрлі түсіндіріліп, кейде қарама-қайшы деректердің де орын алып жататындығы ғалымдарға таңсық жағдай емес. Сондықтан ғылым жолына енді қадам басқан жас ғалымдарға шетелдік әріптестерінің ғылыми көзқарастарымен, қызметтерімен танысып отыру кәсіби маман ретінде қалыптасуына мүмкіндіктер береді.

Тарихты танудағы тың бастама

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масын жүзеге асыру мақ­сатында Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институтында «Ұлы даланың ұлы есімдері: жас­тарды пат­риот­тық тәрбиелеудің ғылы­ми-теориялық және зерттеу мә­ті­ніндегі практикалық қыр­лары» тақырыбында өткен жас тарихшы-ғалымдардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференциясы барысында осындай түйткілді мәселелер талқыланды.

Қазіргі заманғы тарих ғылы­мының өзекті мәселелерін тал­қы­лау, оның ішінде ғылыми-зерт­­теу­лердің тұлғатану бағы­тын дамыту, «Ұлы даланың ұлы есім­дері» жобасы бойынша жү­­зеге асқан жобалардың нә­ти­­­же­­лерін көпшілікке тарату, ө­с­ке­­лең ұрпаққа патриоттық жә­не адам­гершілік тәрбие беру­ді мақ­сат етіп отырған іс-шара­да Жас ғалымдар кеңесінің төр­аға­сы, PhD Тимур Әпендиев Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламалық мақаласында Қазақ­­станды әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуді мақ­сат етіп қойғандығын негізге ала отырып, «Бағдарлама іске асуы үшін алдымызда қанд­ай міндеттер тұр? Қандай өзгеріс­тер қажет?» деген сауалдарға көпшіліктің назарын аудара келе «Қоғамның саяси және эко­­но­­микалық дамуы, алдымен, қоғамдық сананың жаң­ғы­руы­­­мен тікелей байланыс­ты дей­тін болсақ, әрбір халықтың жүріп өткен жолы, бүгінгі дамуы, болашағы, дәстүрі мен мә­де­ниеті, ұлттық коды маңызды рөл атқарады. Демек, біздің, яғни тарих саласында зерттеулер жүр­гізіп жүрген жас ғалым­дар­дың алдында үлкен жауап­кер­шілік тұр. Біздің зерттеу­лері­міз­дің ғылыми сапасы, тари­хи фак­ті­­лерді, құбылыстарды тү­сін­­діріп, ұғындырудағы ұс­таны­мы, сондай-ақ белгілі бір тари­хи жағдайларда тұжы­рым­дарды дұ­рыс қолдана білуін басшы­лық­қа алуымыз қажет» деп атап өтті.

Жас ғалымдар конференция материалдарын Қазақстанның, шетелдердің кітапханаларына, ЖОО, ғылыми-зерттеу институттарына таратумен қатар ТМД елдері жас ғалымдарының жазғы мектептерін өткізу дәс­түрін жалғастыру, сонымен қатар келесі жылы наурыз айында «Tugurul Han On-Han» кор­поративтік қорымен бірлесе отырып, Тұғырыл хан, Тайбұға хан және Сейдақ хан атындағы жас тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқауын өткізу сияқты жас ғалымдарды ынталандырып, ғылымға тартуға байланысты кешенді жоспарларды талқылады.

Конференция барысында аталған институттың ғылыми қызметкері М.Морякова жас ғалымдар тарапынан атқарыл­ған жұмыстарға шолу жасап, жобалардың таныстырылы­мын өткізсе, С.Велент-Щербач, С.Зиеев, Э.Темиров, М.Бу­ваков, М.Жылгелдинов, О.Алым­қожаев, М.Қозыбаева, Қ.Өмір­бек, М.Шағырбаев, Ж.Қуа­ныш, Д.Жайлыбаев, Ұ.Төле­шова секілді Беларусь, Өзбек­стан, Тәжікстан, Қырғызстан ел­дерінен келген және отандық ғалымдар ғылымның өзекті мәсе­лелерін талқылап, өз зерт­теулері бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ ұсынылған және талқыланған баяндама­лар не­гізінде конференция қатысу­шылары қазіргі тарихи тұл­ғатанудың өзекті мәселелеріне орай шешімдерін ортаға салды.

Іс-шара аясында жас ғалым­дар арасындағы жыл сайын өткізілетін Ермұхан Бекмаханов атын­дағы республикалық бай­қау қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

 

АЛМАТЫ