Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.