Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2019

Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады

Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, кәріз жүйесі, көше атауы, жол, газ, жарык мәселелерін айтты.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Ерлан Қуанышұлы тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін айтып, оларды «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар коммуналды проблемалар рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі өзінің назарында болатынын айтқан шаһар басшысы сала жетекшілеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.