Негізі Шымкент қаласы мен Алматы облысы өкілдерінің тартысы 3:3 есебімен тең аяқталды. Оңтүстіктен келген өрендер арасынан Нұрсұлтан Қалмұрзаев (60 кило) Ғалым Қабдунасыровты, Әділхан Сатоев (67 кило) Нұрбек Қызыровты және Елмар Укали (97 кило) Адай Құрмансейітовты қапы қалдырды.
Жетісу өңірінің жігіттері арасынан Демеу Жадыраев (77 кило) Асхат Жаңбыровты, Асхат Ділмұхамбетов (87 кило) Шәміл Батыровты және Нұрмахан Тыналиев (130 кило) Әлімхан Сыздықовты жеңді.
Ережеге сай бәсеке тең аяқталған жағдайда балуандардың жиған ұпайлар саны есепке алынды. Бұл ретте Шымкент қаласынан келген жігіттердің жолы болып, олар Конфедерация кубогын олжалады.