Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Кәсіпқойлар арасындағы жарыста да жерлестеріміз дес бермеді

510 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен «Arlan Grip Championship2019» деп аталатын аса ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 

Кәсіпқойлар арасындағы жарыста да  жерлестеріміз дес бермеді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы додада балалар мен жасөспірімдер және ересектер мен ардагерлердің қалай өнер көрсеткені жайында біз бұған дейін де толық ақпарат берген едік. Турнирдің соңғы күні ADCC нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасында бәсекелер өтті.

Жарыс жолына шыққан 80 спортшы алты жүлде жиынтығын сарапқа салды. Кәсіпқойлар арасындағы «жан алысып, жан беріскен» айқастардың қорытындысы бойынша есімдері төменде аталған спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді:  

65,9 кило: 1. Сұлтан Әлібаев (Қазақстан), 2. Нариман Мыңбаев (Қазақстан), 3. Бауыржан Әлімбаев (Қазақстан).

76,9 кило: 1. Ералы Балдыбеков (Қазақстан), 2. Нартай Қажеков (Қазақстан), 3. Мағжан Маратхан (Қазақстан).

87,9 кило: 1. Данияр Әубәкіров (Қазақстан), 2. Темірлан Алпысов (Қазақстан), 3. Илнар Сарқұлов (Қазақстан).

98,9 кило: 1. Рамазан Құсайынов (Қазақстан), 2. Бексұлтан Өмірзақов (Қырғызстан), 3. Евгений Хан (Ресей).

+99 кило: 1. Шахмарал Жетпісов (Қазақстан), 2. Арман Жанпейісов (Қазақстан), 3. Шыңғыс Тұрсынханов (Қазақстан).

Абсолютті салмақ: 1. Шахмарал Жетпісов (Қазақстан), 2. Темірлан Алпысов (Қазақстан), 3. Бекзат Баймұратов (Қазақстан).

9

Жарыс қорытындысы бойынша 6 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді иеленген Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бас жүлдені олжалады. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресей спортшыларына бір-бір жүлдеден бұйырды. Жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтарды джиу-джитсу мен грэпплингтің хас шебері, осы турнирді тамашалау үшін сонау Австралиядан арнайы келген даңқты спортшы Крэйг Джонстың өзі марапаттады.   

Бірер жылдан бері «Qazagstan Top Team» командасын жаттықтырып жүрген АҚШ маманы Адам Фокс «Arlan Grip Championship» турнирінің аса бұл жолы да жоғары деңгейде өткенін айта келе, ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.   

7

9

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50