Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Атлантада өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінде Қазақстанның әйгілі жүзушісы Дмитрий Баландин табысты өнер көрсетуде.

Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді

Жарыстың алғашқы күні брасс әдісімен 100 метрге жүзуде жерлесіміздің алтын алғаны жайында бұған дейін де қуана хабарлағанбыз. Келесі тәулікте де Баландин өз жанкүйерлерін қуантты. Дәл сол тәсілмен 200 метрлік қашықтыққа малтыған ол күміс медальді мойнына ілді. Дмитрийдің көрсеткіші – 2:09.71.

Бұл бәсекеде отандасымыз тек АҚШ-тың атақты спортшысы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы және қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Коди Миллерге ғана есе жіберді. Ал үшінші орынды тағы бір америкалық жүзуші Эндрю Уилсон иеленді.

Бір айта кетерлігі, жоғарыда есімдері аталған АҚШ-тың қос спортшысы жарыстың алғашқы күні біздің Дмитрий Баландиннен қалып қойған еді.