25 Шілде, 2013

Жалпыэкономикалық көрсеткіш қалыпты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартыжылдықта Қарағанды облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 672,5 миллиард теңгені құрады. Аймақтағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ пен «Қазақмыс» корпора­циясы» ЖШС сияқты екі ірі өндіріс ошағының жұмы­сын­дағы қиындықтарға қарамас­тан, жыл басынан бері жалпы­экономикалық көрсеткіш қалыпты деңгейде сақталуы байқалады. Алты айда негізгі капиталға 175 млрд. теңге инвес­тиция салынып, былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Сыртқы сауда айналымы – 5, ал экспорт 8,5 пайызға өсті. Соның ішінде шикізаттық емес экспорт 89-дан 95 пайызға дейін көтерілді.

Орта және шағын бизнестің екпінді дамуы бөлшек тауар айналымын 7,6 пайызға ұлғайтты. 3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді. Облыстық бюджет түсімі 112,9 млрд. теңге болды.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы.