Мәліметтерге сәйкес, 8 желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні қар тазалау, шығару жұмыстарына 886 арнайы техника мен 193 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Ал 8 желтоқсан күні қала сыртына 26 248 текше метр қар шығарылды. Қар түскелі бері барлығы 558 990 текше метр қар шығарылғанын атап өткен жөн.