10 Желтоқсан, 2019

Ұлттық спорт үздіктері анықталды

744 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ел кіндігі елордада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйым­дастыруымен биылғы ат­қарыл­ған жұмыстар нәтижесі қорытындыланып, келер жыл­дың жоспарын нақтылауға ар­­нал­­ған алқа мәжілісі өтті. Жиын­ға Мәдениет және спорт министр­лігінің өкілдері, облыс­тардағы ұлт­тық спорт мектептері мен клуб басшылары, федерация тө­раға­лары һәм жаттықтырушы-төре­шілер қатысты.

Ұлттық спорт үздіктері анықталды

Мәжілістің маңызы жайлы тү­сін­дір­ген Ұлттық спорт түр­ле­рі­ қауымдастығының пре­зиденті Бек­­болат Ті­леу­­­хан бар­лық мә­де­ни-спорт­тық шара­лар Елбасы Н.Ә.Назар­­баев­­тың «Бола­шаққа бағдар: ру­­хани жаңғыру» және «Ұлы да­ланың жеті қыры» атты ма­қа­лаларында айтыл­ған бағдар­ламалық идеяларды іск­е асы­ру мақса­тын­да жасалып жатқанын атап өтті.

Одан кейін аталған қауым­дас­тық­тың атқарушы директоры Нұр­сұлтан Ибрагимов алқалы жи­ынға қаты­­сушыларға биыл атқа­рыл­ған жұмыстар жай­­лы есеп бер­ді. Оның айтуын­ша, көкпардан 2 халық­ара­лық, 4 рес­публикалық жарыс, 2 рес­пуб­ликалық турнир; аударыс­пақ­тан 1 халықаралық, 5 республи­калық жарыс, 2 республикалық тур­нир; теңге ілуден 1 халық­ара­лық, 4 республикалық жарыс, 1 республи­ка­лық турнир; жам­­бы атудан 6 ха­лықаралық, 4 рес­публикалық жарыс, 1 рес­публикалық турнир; бәйге түрлерінен 1 республикалық жарыс, 2 республикалық турнир; құс­бегіліктен 1 халықаралық, 3 рес­­­публикалық жарыс, 1 рес­пуб­ликалық турнир өткізіліпті. Яғни, спортшыларымыз осы жылы 13 халықаралық, 22 республикалық жарыс пен 9 республикалық турнирге қатысыпты.

Сонымен қатар биылғы 19-22 сә­уір аралығында Алматы қа­ласында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ІІ халық­аралық құрылтайы өтіп, оған әлемнің 40-тан астам елі­нен 150-ге жуық өкіл ке­ліп қа­тысса, 30 мамыр мен 2 маусым ара­­лығында Нұр-Сұлтан қа­ласы әкім­дігі­мен бірлесіп ұй­ым­­­дастырған «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі елорда тұр­ғын­да­ры тарапынан кең көлемде қол­дау тапқан екен.

Сол сияқты биыл жалпы жүл­де қоры 54 миллион теңгені құрайтын Атырау облысы Ма­хам­бет ауданы Талдыкөл ауылын­­да өткен «Дарабоз-2019» халық­аралық турнирі; Ал­маты облысы Райымбек ауданында ұйым­дастырылған «Сонар-2019» ха­лықаралық құсбегілер турнирі; Ақмола облысы Бурабай өңірінде құсбегі Мәсіп Батырханұлы атын­­дағы бүркітшілердің халық­ара­лық жары­сы қатарлы шаралар ұлттық спорттың ажарын ашса, алдағы 2020 жылғы ақпан айын­да аударыспақтан «Қазақ­стан Қабыланы» атты жоба жалауын көтермек көрінеді.

Келесі кезекте сөз ал­ған Мә­де­­ниет және спорт минис­тр­лі­гі Спорт және дене­шынықтыру істері ко­ми­­­теті Ұлттық спорт түр­­­ле­рі басқармасының басшысы Қар­­лы­ғаш Рамазанова келтірген рес­ми мәліметтен түй­геніміз, ұлт­­тық спорт түрімен 2017 жы­­лы 343 мың адам шұғыл­дан­­са, өт­кен жылы бұл көр­сет­кіш 376 мың адам­ды құраған. Қа­зір­гі таң­да елі­­міз көлемінде ұлт­­­тық спорт түр­ле­рінен 8 ма­ман­дан­ды­рылған спорт клубы және 13 маман­дан­дырылған спорт мек­тебі жұмыс істеп тұр. Өткен жыл­дың қоры­тындысы бойынша рес­пуб­ли­калық деңгейде 86 іс-шара, оның ішінде 50 республикалық, 36 халықаралық жарыс өткен.

– Қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған басты мәселе 2021 жылы елі­мізде өтуі тиіс Бүкіләлемдік эт­носпорт ойындары, – деді Қар­лығаш Әсет­қызы. Бұл бағытта министрлік пен қауымдастық және ұлттық спорт түр­лері федерациялары бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Ұйымдастыру коми­теті құрылып, оның тұрақты оты­рыс­тарында ойындарды ұйым­­­дастыру мен өткізу мәсе­ле­лері тал­қылануы тиіс.

 Алқалы жиын барысы түстен кейін үздіктерге арнайы бе­рі­летін «Алтын тұғыр-2019» ма­­рапатына ұласты. Осымен же­тін­ші мәрте ұйым­дастырылып отырған сыйлықтың «Үзд­ік мер­­­­гендер» санаты бойынша – Ай­көз Ералхан мен Бабажан Бақ­­­дәулет, «Үздік бәйге атта­ры» – «Қоянқасқа», «Үш­қо­­­ңыр», «Қыз­жирен», «Үз­дік ауда­­рыс­пақ­шылар» – Аман­жол Нұр­­бек, Құралбай Ер­мек, Нар­ма­ғанбет Иман­ғазы­ұлы, Ағабек Ғабит, «Қазақ кү­ре­­сінің үздік ба­луаны» – На­ри­ман Тұтқышев, «Үздік тоғыз­құ­ма­лақ­шы» – Ға­­лымжан Те­мірбаев, «Үз­дік бүр­кітші» – Серікболсын Жал­ғас­ұлы, «Үздік тең­ге ілуші» – Ға­лымжан Ізжанов, «Үздік көк­пар командасы» – жастар құ­ра­масы, «Үздік көкпаршы» – Құр­манбек Тұр­ғанбек, «Үздік төре­ші» – Ерлан Жүсі­пов, «Үз­дік жат­тық­тырушы» – Ар­слан Қаб­жанов, «Үз­дік ұлттық спорт клу­бы» – «Әу­лие ата» спорт клубы, «Жап­­­­пай көкпар үздіктері» болып Ға­лым­­­­жан Мыр­забаев пен Жо­март Зия­бек танылды.

Сондай-ақ ұлттық спортқа ең­бек сіңірген тұлғаларға берілетін «Елім­жан» медалі Алматы облы­сының әкімі Амандық Бата­лов пен Ұлттық Олим­пиада ко­митетінің бас хатшысы Сәкен Мұ­сай­бековке табыс етілді.