Парламент депутаттарының ел өңірлеріндегі сайлаушылармен, еңбек ұжымдарымен, оқу орындарындағы оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесулері жалғасуда. Халық қалаулыларының екі ай демалыстарының бір айы осындай жүздесулерге арналатыны белгілі. Түрлі кездесулерде жұртшылық өкілдеріне Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі басымдықтары, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам ұстанымдарының басты бағыттары насихатталып, түсіндірілуде.
Төменде сондай кездесулердің бір тобы жайындағы есептер жарияланып отыр.
Парламент Сенатының депутаттары Александр Савченко мен Ертарғын Астаев Таразда азаматтарды қабылдау өткізді.
Адамдардың Парламент депутаттарына қойған сауалдары көбінесе әлеуметтік мәселелерге арналды. Қарастырылған проблемалар қатарында газ, электр, сумен қамтамасыз ету, тарифтік саясат, тұрғын үй мәселелері болды.
Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова және қалалық әкімдік өкілдері қатысты.
* * *
Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов Атырау және Ақтау кәсіпкерлерімен кездесті.
Оларды жуырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның негізгі ережелерімен таныстырды. Кездесуге Өңірлік даму министрлігі, жергілікті атқарушы және өкілді билік, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы өкілдері қатысты.
Сенатор атап өткендей, жаңа заң кәсіпкерлікті ынталандыру және бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік билік органдарымен өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін орайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету мақсатымен қабылданды. Сондай-ақ, заң жеке кәсіпкерлер бірлестіктері қызметіне қолдау көрсететін болады.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП» фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтанов Алматы облысының шекаралық аймағы – Панфилов ауданы сайлаушыларымен кездесті.
Ол сайлаушыларға Қазақстан Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан және «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» тұғырнамасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру барысын түсіндіріп берді.
Жаркент крахмал-сірне зауыты және полипропилен қап зауытының ұжымдарымен кездесіп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайларымен танысты. «Беширов» шаруа қожалығында болған кезінде шаруаларға Астананың 15 жылдық мерейтойындағы Елбасы сөзіне тоқталып өтті.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерген Дошаев, Мәжіліс депутаттары Төлеген Ибраев пен Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қ.Қайсенов атындағы кентінде сайлаушылармен кездесу өткізді.
Мәжіліс депутаттары сайлаушыларға Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы және Парламентте қабылданған негізгі заңдар туралы айтып берді. Сонымен бірге, зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттігі, жергілікті өзін өзі басқарудағы тың өзгерістер, әкімдердің сайлауы туралы әңгіме қозғады.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысының аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдарында халықпен кездесулер өткізді.
Сайлаушылармен болған кездесулердің басты тақырыбы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды.
Депутат Арал ауданындағы шалғай орналасқан Қосаман және Ақеспе ауылдық елді мекендері халқының жағдайымен танысты. Халықтың әл-ауқатын арттыру Елбасы саясатының негізгі бағыты. Барлық жұмыстар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Кешегі күніміз бен бүгінгі күнімізді салыстыруға келмейді. Жағдай жақсы. Проблемалар назардан тыс қалмайды, деді А.Тұртаев кездесулер кезінде.
* * *
Парламен