Облыс орталығындағы «Квазар» орталық базарында «Халал өнімдер» бөлімі ашылды. Бұл жерде жылқы, қой еті және басқа да сүт өнімдері, дәмді тағамдар Рамазан айында арзан бағамен сатылуда.
Сол сияқты, бүгіндері Қаныш Сәтбаев, Кутузов көшелері бойында, қала ішіндегі барлық бағыттарда жүретін трамвайларда «Ораза қабыл болсын!» деген жазуларды көруге болады. Бір күн болса да жастарымызға ой салар иман-сауап, ғибадат, тазалықтың қадір-қасиетін білгеннен, жақсылық жасап жарысқанның артығы жоқ. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Мәшһүр Жүсіп мешітінің асханасында күн сайын облыс орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындар ауызашар беруде. Оған тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, зағип жандар, балалар үйлері, қарттар үйі, жалғыз басты қарттар, әлеуметтік аз қамтылған адамдар да шақырылуда.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар.