Спорт • 10 Желтоқсан, 2019

«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-14 желтоқсан аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан өтетін жылдың қорытынды жарысы – «Мастерсте» Қазақстанның тоғыз балуаны күш сынасады.    

«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады

Ерлер бәсекесінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кило), Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмаханов (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Дидар Хамза (81 кило) және Ислам Бозбаев (90 кило) өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Отгонцэцэг Галбадрах (48 кило) пен Севара Нышанбаева (57 кило) сайысқа түседі. Бүгінгі таңда Қазақстанның дзюдошылары арасынзда әлемдік рейтингте ең жоғары орындарды иеленіп отырғандар осылар. 

Айта кетейік, бұл беделі өте зор бәсеке. Осы жарыста бас жүлдені олжалаған балуанға 1800 ұпай берілсе, күміс және қола жүлдегерлер 1260 және 900 ұпайдан олжалайды. Сондықтан да «Мастерске» қатысқан әр дзюдошының табысты өнер көрсету үшін барын салатыны анық.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50