25 Шілде, 2013

Медбике – мерейлі мамандық

6004 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетумен елді мекендердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуде шын мәнісінде әлеуетті мүмкіндігі мол мамандық – медбике мамандығы. Бүгінгі күні жоғары білімді медбикелерді дайындау – денсаулық сақтау саласының өзекті де маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Еңбек нарығы, жалпы алғанда, медбикелік ісінде – ойлау, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әлеуметтік және кәсіптік белсенді, мобильді және бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етеді. Дегенмен, осы сала кадрларын жоспарлау – әлі шешімін таппаған істердің бірі. Сонымен қатар, қазіргі кездегі отандық білім беру жүйесінде медбикелік ісі менеджерлерінің жоқтығы маңызды мәселе болып отыр.

Арнайы педагогикалық дайын­дығы бар, жоғары білімді медбикелердің жоқтығы да­ маңызды мәселе күйінде қа­луда. Медбикелерге білім беруге жоғары дәрігерлік білімі бар мамандар тартылуы тиіс. Олар жоғары сатылы медбикелік білім болып табылатын арнайы даярлықтан өтсе, біріншіден, медбике ісінің кәсіптік дәрежесі мен танымалдығы кеңейтіледі, екіншіден, дәрігерлік және мед­бикелік қызметтің нақты бөлінуі қарастырылады. Еліміздегі медбике дайындаудағы мәселелерді ескере отырып, 2011-2015 жыл­дардағы денсаулық сақтауды дамытуда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ере­же­леріне сәйкес, оларды жоғары медбикелік білім алғанға дейін, үш деңгейлі жүйені қамтитын үздіксіз білім беру жүйесімен оқыту керек.

Бірінші деңгей – мамандар­ды даярлау колледжде жүзеге асады. Онда жалпы оқу мер­зімі қамтитын үш саты қарас­ты­рылады. Алғашқы саты – нау­қастарға қарайтын медбикелер – дипломы бар медбикелердің қарамағында тәжірибе жинауы тиіс. Олар науқасқа меди­циналық күтім жасайды, жеңіл бақылауларды орындайды. Екінші саты – медбикелерді жалпы тәжірибеде даярлау, ол емдеу-профилактикалық қауым­дастыққа бағытталған медициналық білімнің базалық жүйесіне кіреді. Үшінші саты – денсаулық сақтау ісінің әр­түрлі салаларында жұмыс іс­теуге мамандандырылған, аумақ­тық ерекшеліктерін есептей отырып және білім беру мекемелерінің тапсырысы бойынша медбикелерді даярлау алтыншы семестрде жүзеге асырылады. Аталған саты жоғары медбикелік білім алуға және екін­ші, үшінші сатыдағы академия­лық дәрежелерді иемденуге, медбикелік білім алуды одан әрі жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Бұл мамандарға меди­ци­налық көмек көрсетуде үлкен рөл атқарады, олардың қызметтері мамандандырылып, бұрын тек қана дәрігерлер атқарып жүрген тапсырмаларды орындайды, сондай-ақ, науқастың жағдайына қатысты жүргізіліп жатқан емдеу үдерісінің үлгісіне араласа алады, өзінің кәсіптік деңгейінде шешім қабылдай алады, медбикелік қорытынды (диагноз) шығара алады, тиесілі тағайындаулар жасай алады, т.б.

Екінші деңгей – жоғары мед­бикелік білім – медбике ісінің бакалавры (төрт жылдық оқу мерзімі), яғни медбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметін атқара алатын, ФАП меңгерушілерді, оқытушыларды, емдеу-профилактикалық бө­лім­дердің және медициналық колледждердің әртүрлі құры­лым­дық бөлімшелерін бас­қара алатын медбике ісінің менеджерлерін даярлау. Бұл деңгейде білім алуға жалпы орта білім беру мектептері мен медициналық колледж түлектері түсе алады. Жоғары білімді медбикелерді даярлау жоғары оқу орындарында іске асырылады (Академия, институт).

ЖОО-дан кейінгі үш дең­гейлі білімге сәйкес, олар да магистратура және докторантурада оқу жалғастыра алады. Осы деңгейлерді тәмамдаған мамандар медбике ісі аясын­да ғылыми-зерттеу және ұйым­дас­тырушылық ісімен айналысуына болады. Аталған медбике ісіне маман даярлау үлгісі денсаулық сақтау аясындағы көптеген әлеу­меттік-экономикалық тап­сырмалардың шешілуіне жол береді және мынадай алғы­шарт­тар алдан шығады:

– жаңа технологияларды игерген, алғашқы мамандандырылған медико-санитарлық көмек көр­сетуде өзіндік шешім қабылдай алатын медбике мамандары;

– қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, менеджерлер, медбике ісін жетік мең­гергендер;

– жаңа ұрпақ мамандары, медбике ісі аясындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу ісіне негіз­делген жоғары білімді медбикелер.

Аталған үлгі бүгінде мәрте­бесі төмен саналатын медбике мамандығының дәрежесін көтерер еді. Өйткені, жиырма бірінші ғасыр жеткіншектері төмен жалақылы, болашағы жоқ, мансаптық өсімі жоқ мамандықты таңдауы екіталай. Аталған үлгі бұ