Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағасында өткен «Мейкин Азия» атты жас орындаушылардың халықаралық фестиваліне қатысқан қазақстандық Димаш Құдайберген бас жүлде иегері атанды.
Осыған дейін «Жас қанат» байқауы мен «Шығыс базары» фестивалінде жеңіске жеткен жас әнші бұл байқаудың алғашқы күнінде сақ қазылар алқасы мен тыңдаушыларын ерекше дауысымен таңғалдырды. Жеңімпазға жүлдені Қырғызстан Республикасының премьер-министрі тапсырды.
«Мейкин Азия» – Қырғызстан мемлекеті тарапынан қаржыландырылатын және биліктің ресми қолдауымен өтетін республикадағы алғашқы ән байқауы. Фестивальде Куба, Филиппин, Түркия, Ресей, Армения, Оңтүстік Корея, Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан мен Қырғызстан елдерінен келген 25 өнерпаз ән шырқады. Түрік телекомпаниясы бірнеше елге тікелей хабар таратты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды украиналық Владислав Левицкий иеленді. Екінші орынды қырғызстандық Ислам Акматов пен Курал Чокоев, тәжікстандық Сабина Шамсэд, үшінші орынды ресейлік Христина Дорошенко, қырғызстандық Әзім уулу Әділет пен армениялық Ани Оганесян бөлісті. Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Нұрзада КҮМІСБЕК,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің студенті.