Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Адам құқығы аяқасты қалмайды

1266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Халықаралық Адам құқығы күнiне арналған «Адам құқықтары – қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Адам құқығы аяқасты қалмайды

Дөңгелек үстелге Мем­ле­кеттік хатшы Қырымбек Кө­шер­баев, Сенат және Мәж­іліс депутаттары, диплома­тиялық корпус басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, Үкімет мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қырымбек Көшербаев өз сөзінде Қазақстанда адам құ­қықтарын қорғау мәселесінің халықаралық міндеттемелері тұрғысынан өзектілігін, сон­дай-ақ құқық қорғау меха­низмдерін жетілдіру саласында мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара сындарлы диалогын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Конституциямен және қол­даныстағы заңнамамен қам­тамасыз етілген адамның және азаматтың  құқықтары мен бос­тандықтарының іске асуы жөнінде айтылды. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерін одан әрі жетілдіру жайында кең пікір алмасу болды.

Қатысушылар халықаралық құқықтың нормаларын ұлттық заңнамаға енгізу мәселелерін алға тартып, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетiктерiн жетілдіруге қатысты пайымды пікір біл­дірді. Сонымен қатар адам құқықтарын сот және соттан тыс институттар арқылы қор­ғауды жетілдірудің өзекті мәсе­лелері де назарға алынды.

Тал­қылауға қатысқан ха­лық­­­аралық және ұлттық са­рап­­шылар Қазақстандағы құ­қық қорғау тетіктеріне оң баға берді.

Дөңгелек үстелге қатысу­шылар адам құқықтары саласында Қазақстан ратификацияла­ған халықаралық шарттар­дың  құ­қық қорғау тетіктерін жетіл­ді­­рудегі және адам құқығын қор­­ғаудың ұлттық жүйесін ны­ғай­тудағы маңызды рөлін атап өтті.

– Еліміздің барлық жетіс­тіктері мен жемістері Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қайраткерлігінің, Қазақ­стан халқынының жасампаздық еңбегінің арқасында мүмкін бол­­ды. Қазақстанның өркен­деуін Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев сабақ­тас­т­ық, әділдік, даму жолымен жалғастыруда. Президент жа­­нын­­дағы Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссиясы үкімет­тік емес ұйымдармен, халықара­лық ұйымдармен тең әріптестік ор­натқан сындарлы әрі тиім­ді диалог алаңына айналды, – деді Қазақстан Президенті жа­нындағы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның төраға­сы Қуаныш Сұлтанов.