25 Шілде, 2013

Қарсыластар анықталды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ВТБ Біріккен баскетбол лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, біздің елімізден осы жарысқа қатысып жатқан жалғыз «Астана» командасының жаңа маусымдағы қарсыластары анықталды.

Онда жеребе бойынша «Астана» командасы ВЭФ (Латвия) «Химки» (Мәскеу облысы, Ресей) «Нептунас» (Литва), «Цмоки Минск» (Беларусь), «Азовмаш» (Украина), «Красные крылья» (Самара, Ресей), ЦСКА (Мәскеу, Ресей), «Триумф» (Мәскеу облысы, Ресей) клубтарымен «В» тобына түсті. Осы топта «Астана» тағы бір командамен ойнайды. Әзірге ол команда белгісіз болып отыр. Ол ұжым Литваның «Жальгирис» клубының лигаға қатысудан бас тартуына байланысты «В» тобында ойнайтын болады.

Жалпы, биылғы ВТБ лигасы­ның бесінші маусымында 9 елдің 20 клубы қатысады. Екі топқа бөлі­нетін командалар бір-бірімен сырт алаңда және өз алаңында кездеседі. Лиганың ойындары қазан айында басталып, келесі жылдың маусымында аяқталады. Өз тобында үздік екі орын алған командалар плей-офф кезеңінің бірден ширек финалына жолдама алса, 3-ші және 6-орын алған ұжымдар плей-офф кезеңін 1/8 финалдан бастайды.

Соңғы жаңалықтар