Бразилияның Ресифи қаласы маңындағы жағалауына дем алуға келген 18 жасар турист қыз акуланың құрбаны болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Осы оқиға көп ұзамай ғаламтор бетінен көрініс тапты. Онда суда емін-еркін жүзіп жүрген қыз бала кенеттен батып кетеді де, су үсті қызыл қанға боялады. Құтқарушылар жағаға алып шыққан кезде, оның сол аяғына акуланың зақым келтіргені мәлім болды. Жансақтау бөліміне жеткізілген сәтте дәрігерлер сол аяғын кесуге шешім қабылдайды. Өкінішке орай, мөлшерден тыс қан жоғалтуы себепті жасөспірім ауруханада қайтыс болды.
Жақында Үнді мұхитында тағы бір осындай қайғылы оқиға орын алды. Онда 15 жасар баланы акула жұтып қойды.
Бақытбек Кенешұлы.