26 Шілде, 2013

Күйеуі Гурцкаяның бір сырын ашты

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Диана Гурцкая 1

Ресей эстрадасының белгілі жұлдызы Диана Гурцкая жақында 35-ші туған күнін тойлады. Әнші туған күнін «Пусть говорят» бағдарламасының эфирінде өткізді. Студияда жұлдыздың туған-туыстары мен жақын достары жиналды.

Бағдарлама барысында қорғаушы болып қызмет ететін Диананың күйеуі Петр Кучеренко отбасылық өмірлеріндегі күтпеген жаңалықты жайып салды. «Диана өте нәзік болып көрінеді. Алайда, өмірде ол ондай емес. Оның грузиндерге тиесілі қызу мінезі бар. Үйде оның жиі-жиі қызғаншақтық танытып, қатты ұрсып тастайтын кездері де болады», – дейді Кучеренко.

Диана мен Петрдің ұлдары өмірге келген соң, олардың қарым-қатынастары қиындай түскен екен. Петр басында мұндай жауапкершілікке дайын болмаған көрінеді. Уақыт өте келе оның әкелік сезімі оянып, қазіргі уақытта ол тағы да балалы болғысы келетінін айтады.

Айдар Өрісбаев.