Спорт • 12 Желтоқсан, 2019

Жылдың қорытынды турниріне қатысады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Циндао қаласында дзю­додан әлемдік «Masters» турни­рі басталады. Аталған жарыста Қазақ­стан намысын 9 дзюдошы қорғайды.

Жылдың қорытынды турниріне қатысады

Ерлер құрамасы сапынан 60 килода Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен жуырда ғана Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысында топ жарған Ғұсман Қырғызбаев, 66 килода Будапешт Гран-приінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов пен биылғы Азия чемпионы Ерлан Серік­жанов, 73 килода бірқатар жарыстың жүл­дегері Жансай Смағұлов, 81 килода 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза және 90 килода құрама үздіктерінің бірі Ислам Бозбаев бақ сынайды. Ал қыздар құрамасынан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) пен Севара Нишанбаева (57 кг) Қытай татамиінде белдеседі.