Футбол • 12 Желтоқсан, 2019

Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққан командалар толықтай анықталды.

Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды

Англияняың «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити», Испанияның «Барселона» мен «Валенсия», Италияның «Ювентус», Германияның «Бавария» мен «Лейпциг» және Францияның ПСЖ клубтары топтық турнирде бірінші орын алып, көздеген мақсатарына қол жеткізді.

Өз топтарында екінші орынды иеленген Англияның «Тоттенхэм» мен Челси», Испанияның «Реал» мен «Атлетико», Италияның «Аталанта» мен «Наполи», Германияның «Боруссия Дортмунд» және Францияның «Лион» командалары да плей-офф сайыстарына қатысады.

Топтық турнирде үшінші сатыға табан тіреген Бельгияның «Брюгге», Грекияның «Олимпиакос», Украинаның «Шахтер Донецк», Германияның «Байер», Австрияның «Зальцбург», Италияның «Интер», Португалияның «Бенфика» және Голландияның «Аякс» командалары УЕФА-ның Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Ал  өз топтарында ең соңғы орында қалып қойған Тұркияның «Галатасарай», Сербияның «Црвена Звезда», Хорватияның «Динамо Загреб», Ресейдің «Локомотив» пен «Зенит», Бельгияның «Генк», Чехияның «Славия» және  Францияның «Лилль» клубтары үшін биылғы Еуро маусым аяқталды.