Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, қызметкерлерге әкімнің және әкімнің орынбасары атынан алғыс хаттарды тапсырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2005-жылдан құрылды. Қазіргі уақытта орталықта 248 адам қызмет жасап, 348 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алуда. Соңғы үш жылдың ішінде 8 қызмет алушы қоғамға қосылып, сонымен қатар қамқордағыларды қоғамға бейімдеу үшін өздігімен тұруға арналған үйлер ашылды.

Ал 2018 жылы қала әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен 100-орындық жаңа ғимарат салынып, қолдануға берілді. Жаңа ғимаратты салу кезекте тұрған 100-ден астам адамға қызмет көрсетуге жағдай жасады. Сондай-ақ 2018 жылдан бері орталықта еңбек терапиясы кабинеттері, би залы, тұзды бөлме жұмыс жасай бастады.

2019 жылы орталық аумағын қоршауына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушылардың қауіпсіздігі және орталықта тұруына жақсы жағдайлар жасау үшін орталық аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында көптеген мәдени, спорттық сауықтыру шаралары өткізіліп тұрады. Қызмет алушылар Special Olympics бағдарламасы бойынша бүкіләлемдік арнайы олимпиадалық ойындарға қатысып отырады. Айта кетсек, 2017 жылы Австриядағы қысқы бүкіләлемдік арнайы олимпиадалық ойындарда тау шаңғысы ойынынан 3-алтын, 2-күміс медаль, 2018-жылы Люксембургта  боччеден 1-күміс, 2-қола медаль, 2019-жылы БАӘ Абу-Даби қаласында бадминтоннан 4-орын алды.


1