Бокс • 12 Желтоқсан, 2019

Алматының үздік боксшылары анықталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Алматыда бокстан ересектер арасындағы қала біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыстың алғашқы бөлігі «Шаңырақтағы» спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта өтсе, финалдық сайыс «Мотор» спорт клубында ұйымдастырылды.

Алматының үздік боксшылары анықталды

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бәсекелер барысында сегіз салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды. Бұл тартыста мына былғары қолғап шеберлері жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді:

52 кило – Арнұр Асқанбай (Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі)

57 кило –  Дәулет Сейдәлиев (Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі)

63 кило – Асан Ерубек («Шаңырақтағы» спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат)

69 кило – Бекзат Боранбаев («Шаңырақтағы» спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат)

75 кило – Руслан Қажабек (Республикалық спорт колледж)

81 кило – Саржан Дәуіржан («Абылайхан» спорт клубы)

91 кило – Намик Нефталиев (Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі)

91 кило – Ахмет Гадаборашев.