Күрес • 12 Желтоқсан, 2019

Бүгін «Мастерс» турнирі басталады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан «Мастерс» турнирі басталады. Айтулы жарыста Қазақстанның тоғыз балуаны күш сынасады.    

Бүгін «Мастерс» турнирі басталады

Жеребеге сай 60 кило салмақтағы Елдос Сметов тұсаукесер кездесуін ресейлік Альберт Оғызовқа қарсы өткізеді. Ғұсман Қырғызбаевтың алғашқы айналымдағы қарсыласы – франциялық Валид Кхияр. Егер қандастарымыз бастапқы қос бәсекеде жеңіске жетсе, үшінші кезеңде бір-бірімен шеберлік байқасады.

66 кило салмақтағы Елдос Жұмаханов  алғашқы айналымда бос. Одан кейін ол ресейлік Арам Григорянмен айқасады. Ерлан Серікжановтың да жағдайы дәл солай. Қазақ дзюдошысының келесі қарсыласы – испаниялық Альберто Мартин Гайтеро.

73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов молодвалық Виктор Стерпумен күш сынасады. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза бірінші кезеңде бос. Келесі кезеңде оны Ресей жұлдызы Хасан Қалмұрзаев күтіп тұр. Ал 90 кило салмақтағы Ислам Бозбаевта алғашқы айналымда татамиге шықпайды. Одан кейін қандасымыз грузиялық Бека Гвиниашвилимен белдеседі.  

Әйелдер арасында қос дзюдошымыз өнер көрсетеді. 48 кило салмақтағы Отгонцэцэг Галбадрах Португалия балуаны Мария Сидеротпен күрессе, 57 кило салмақтағы Севара Нышанбаева қытайлық Вен Жангке қарсы шығады.

 

 

 

 

Естеріңізге сала кетейік, «Мастерс» турниріне әлемдік рейтингте алғашқы 35 орынды иеленіп отырған дзюдошылар ғана қатысады. Осы додада бас жүлдені олжалаған балуанға 1800 ұпай берілсе, күміс және қола жүлдегерлер 1260 және 900 ұпайдан олжалайды.