Бүгінгі күнде 43 755 салық төлеуші салық рақымшылығымен қолданды, берешекті барлығы 15,3 млрд теңге сомасына төлеген, оларға 5,2 млрд теңге өсімпұл және 0,3 млрд теңге айыппұл сомасы есептен шығарылған.
Сонымен қатар Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізілгенін атап өтеміз, осыған сәйкес салықтық рақымшылық сондай-ақ салық тексеру нәтижесінде салық және басқа да міндетті төлемдер 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне есептелген, бірақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағымдауға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне сәйкес 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешек жоқ болған салық төлеушілерге жүргізілетінін ескертеміз.
Бұдан басқа, жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізуге сәйкес салық рақымшылығы 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салықтық кезеңіне қосымша салықтық есепті тапсырған салық төлеушілерге жүргізіледі.
Бұл ретте салықтық есеп бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды.
Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады.
Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар, мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады.
Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.
Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады.
Қазіргі уақытта 12,6 млрд теңге бересін төлеген 549 мыңнан астам азаматтарға 2,3 млрд теңге өсімпұл есептен шегертілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген күндер қалды, осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықпен пайдалануға асығыңыз.